"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" 2020 жылдағы жоспарымен бөлісті

12 Ақпан 2020, 20:57
1725
Бөлісу:
"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" 2020 жылдағы жоспарымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ "Қазақстан-2020: "жасыл" экономиканың жаңашыл қоғамдық бастамалары және ТДМ-2030" тақырыбында баспасөз-брифингі өтті.

"Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңестің төрағасы Салтанат Рахымбекова Коалицияның 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтты және 2020 жылға арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты халыққа Жолдауында президент "Естуші мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға және азаматтық қоғамды нығайтуға, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыруға шақырды. Бұл Үшінші жаңғыру реформаларының маңызды бөлігі, әсіресе Еріктілер жылында. Коалицияны "жасыл экономика" және тұрақты даму бастамаларының азаматтық көшбасшысы деп атауға болады. Жылдағыдай Коалиция 20-ға жуық жобаны жүзеге асыруда үш жаңа бағытты біріктірді, ауыл әйелдерінің ауылды жандандыру және ТДМ-2030 іске асыруға азаматтық қоғамды тарту және эко-еріктілермен біріккен жобаны дамыту, - деді Салтанат Рахымбекова.
 
Брифингте "Coca-Cola Белестері" ауыл әйелдері стартаптарының жетінші конкурсы. Қазақстан ауыл әйелдерінің облыстық және III форумын ұйымдастыру, "Қазақстан ауыл әйелдері жетістіктерінің 100 тарихы-2020" кітабын шығару үшін конкурстық іріктеу, "Ауыл әйелдері арасындағы ТДМ көшбасшылары" конкурсы, "Қазақстан жастары арасындағы ТДМ көшбасшылары" конкурсы, "ТДМ-2030: Тұрақты даму мақсаттарына қол жетізуде Қазақстанның үлесі" БАҚ-тағы үздік жарияланымдар конкурсы, "Жасыл кеңсе" екінші республикалық конкурсы, "GREEN AWARDS KAZAKHSTAN"  экологиялық қызмет және Қазақстанның жасыл экономикасы көшбасшылары туралы кітап шығару конкурсы атты жобалардың тұсауы кесілді.
Өзгелердің жаңалығы