Жас кәсіпкерлер Жасыбайда криптоферма ашпақ

17 Наурыз 2019, 12:40
2277
Бөлісу:
Жас кәсіпкерлер Жасыбайда криптоферма ашпақ

Павлодар, BAQ.KZ. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының ХҚКО-да өткен жеке қабылдауына бірқатар адам келіп, өз жобаларымен бөлісті.

pavlodarnews.kz порталының жазуына қарағанда, Еркін Монтахаев Жасыбайда 20 адамдық шағын қонақ үй мен 15 орындық дәмхана салуға ниет білдірген.

"Оның жобасы өте қызықты. Біз оған мемлекеттік қолдау туралы ақпарат беріп, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы туралы кеңінен айтып бердік. Ол өз өтінішін еш кедергісіз білдіре алады" - дейді басқарма басшысы Дастан Рыспеков. 

Сонымен қатар, криптоферма мен жеке ағылшын тілі кабинетін ашу идеясымен Сұлтан Асенов кеңес алуға жүгінді. 

"Криптоферма - бүгінгі замандағы жаңа инновация, сондықтан оның механизмін терең талқылап, түсіну керек. Сұлтан Асеновпен тағы бір жолығып, жобаны талдауға келістік. Мүмкіндігінше барлық қолдауды көрсетеміз. Осы сияқты жобалар биылғы Жастар жылында жүзеге асса, керемет болар еді", - деп есептейді басқарма басшысы. 

Айта кетейік, "Ертіс - адалдық алаңы" жобалық офисінің бастамасымен әр айдың үшінші сенбісінде Павлодар көшесі, 48, мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-да Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысы Дастан Рыспеков 10:00-ден 12:00-ге дейін жеке қабылдауын өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы