Жастар жылы: «Жастықтың оты жалындап...» мүшәйрасы жарияланды

20 Мамыр 2019, 19:28
4397
Бөлісу:
Жастар жылы: «Жастықтың оты жалындап...» мүшәйрасы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға шақырады.

«Жастықтың оты жалындап...» тақырыбында ұйымдастырып жатқан мүшәйраның мақсаты – Жастар жылы аясында талантты жастарды қолдау.

Мүшәйраға еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындары қатыса алады. Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы дала төсінде мәңгілік ел болуға қадам басқан қазақ елінің бүгінгі жарқын келбетін, ертеңгі ұрпақ мұратымен ұштастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Мүшәйра жүлделерінің қаржылай көлемі өте қомақты: бас жүлде, І орын – біреу, ІІ орын – екеу, ІІІ орын – үшеу, сондай-ақ ынталандыру сыйлығы – бесеу.

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2019 жылдың маусым айының 1-не дейін қабылданады.

Мүшайра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланады. Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекенжайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек.

Индекс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел.: 8(7172)32-84-67, 53-34-03.

Өзгелердің жаңалығы