Жастарға маңызды дағдыларды игеруге көмектесетін 21 күндік марафон басталды

8 Қараша 2021, 10:29
1024
Бөлісу:
Жастарға маңызды дағдыларды игеруге көмектесетін 21 күндік марафон басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен Батыс Қазақстан облыстық «Болашақ» корпоративтік қоры NEET санатындағы жастардың кәсіби және өмірлік дағдыларын дамытуға арналған марафон форматында жаңа бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламаның ерекшелігі сол жастардың заманауи трендері негізінде дайындалған, яғни жастар ресурстық орталығының қызметкерлері менторлар, жеке коучтер және мансаптық кеңесшілер рөлінде белсенді қатысады.

Бағдарламада геймификация, челлендждер, рөлдік ойындар, пайдалы чек-парақтар, трекерлер сияқты элементтер, сондай-ақ ашық деректер мен халықаралық зерттеулер негізінде анықтамалық ақпараттар пайдаланылды.

Бағдарламада екі міндетті бөлім «Менің мансабым» және  дағдыларды дамыту бойынша «Мен таңдаған нұсқа» челлендждері бар. Яғни, біздің бағдарламада -  жай ғана ұсыныстар жиынтығы ғана емес, мұнда жастардың дағдыларын дамытуға арналған практикалық жаттығулар да қамтамасыз етілген. Бұған бағдарлама шеңберіндегі геймификация мен ынталандыру ықпал етеді, - деді «Жастар» ҒЗО-ның директоры Аян Сакошев. 

Батыс Қазақстан облыстық «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Салтанат Тұманбаеваның айтуынша, бағдарламаның мақсаты - NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасуына  және зияткерлік, спорттық, шығармашылық әлеуетін іске асыруға ықпал ететін дағдыларды дамыту бойынша менторлық сүйемелдеу.

Айта кетсек, жастарға кәсіби және өмірлік дағдыларды оқыту бағдарламасы Батыс Қазақстан облыстық «Болашақ» корпоративтік қорының тапсырысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен дайындалды. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру» гранты негізінде жүзеге асып отыр.

Өзгелердің жаңалығы