Вице-министр: Жастарға арналған навигациялық бағдарлама әзірлейміз

17 Қаңтар 2020, 14:31
1480
Бөлісу:
Вице-министр: Жастарға арналған навигациялық бағдарлама әзірлейміз
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастарға арналған көптеген бағдарлама бар, алайда оны бәрі біле бермейді. Бүкіл бағдарламаның басын қосып, оларды бір "навигациялық бағдарламаға" тоғыстыру керек. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидулла Оспанқұлов бүгін өткен "Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы" III қазақстандық жастар форумында айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары деген құжат бар. Соған сәйкес 2030 жылға дейін әлемдік мемлекеттер қандай мәселелерге баса назар аударуы керек екені айтылған. Аталған мақсат-міндеттер Қазақстанда да жүзеге асып жатыр. Елбасымыздың 2050 жылғы стратегиялық құжатында дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті де осы мақсатпен бір арнаға тоғысқан. Сондықтан да бүгін жастар әр өңірлерден келіп, жиналып отыр. Жастардың глобалдық көзқарасы, "олар не ойлайды" деген мәселелер осы форумда талқыланды, - дейді Ғабидулла Оспанқұлов.

WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.23.26 (2).jpeg

Ол III форумның нәтижесінде ұтымды ой-пікірлер мен ұсыныстар оратаға салынып, соның негінде жастардың жарқын болашағы үшін "бірлескен іс-қимыл жасаймыз" деген пікірін білдірді. 

Елімізде жастардың дамуына қолайлы жағдай жасалған. Біз 5 бағыт бойынша негізгі мақсаттарға қол жеткіздік. Бұл жұмысшы жастарға тұрғын-үй беру. Бүгінде үш ірі қалада іске асып жатыр. Екіншісі - білім алу мәселесі. Әлеуметтендіру бағыты. Волонтерлікті дамыту мәселесі. Бұл бағыттар бойынша қомақты шаралар атқарылды. Жастарымызды дамытуға көптеген бағдарламалар бар, алайда оны бәрі біле бермейді. Осы тұрғыда аудандарда 208 жастар ресурсы орталықтары құрылған. Бүкіл бағдарламалардың басын қосып, оларды бір навигациялық бағдарламаға тоғыстыру керек. Сонда жастарға ыңғайлы болады. Бір құжатты оқу арқылы мемлекеттің жасап жатқан әрбір жобасы, бастамалары бір жерден көрінетін болады, - деп атап айтты вице-министр.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жаңадан әзірленетін навигациялық бағдарламада мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жастар қауымына бағытталған барлық әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар бір жүйеге біріктірілетін болады. Ізденімпаз жастар өзіне керек ақпаратты бір арнадан ала алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада "Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы" III қазақстандық жастар форумы өтті. 

Өзгелердің жаңалығы