Жыл басынан бері кәсіпкер жастарға 1000 микрокредит берілді

29 Шілде 2019, 12:23
2467
Бөлісу:
Жыл басынан бері кәсіпкер жастарға 1000 микрокредит берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 4 мыңнан астам микрокредит берілді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытына 84 млрд теңге қаралып отыр және 19 мың азаматты жыл соңына дейін қамтуымыз керек. Бүгінде 4 мыңнан астам микрокредит берілді. Оның 3200 – ауылдарда, 800 астамы – қалаларда, стартап жобаларға – 2100 микрокредит, жеке істі кеңейту үшін 11400 миркокредит қаралып отыр. Әйелдер үлесі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 33%-ға артқан. Бүгінде 2000 микрокредит алып отыр. Жастардың да ынтасы артып келеді, олардың 16%-ы биылғы жартыжылдықта 1000 кредитке жуық алып отыр. Микрокредит алушылар есебінен алты айда 5 мың жаңа жұмыс орны құрылды», - деді Жылқыбаев. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі «Бастау бизнес» жобасы бойынша азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту барысы туралы айтып берді. 

«Жыл басынан бері 15 мың азамат оқытылды. 12500 қатысушы жобаларын қорғап шықты. Жыл соңына дейін оқитындар санын екі есеге арттырып, қосымша 40 мың азаматты қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде – 20 мыңы жас азаматтар. Оған қосымша 3 млрд 200 мың теңге қаралып отыр. Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында гранттар көбейіп отыр. Бүгінде осы топтағы азаматтарға 2500 грант берілді», - деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жарты жылда 186 мың жұмыс орны ашылғанын, сонымен қатар қысқамерзімді кәсіптік оқытуға қатысатындардың стипендиясы көбейетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы