«JasA!» жобасы жастардың урбанистикалық бастамаларын қолдайды

23 Шілде 2019, 12:58
3923
Бөлісу:
«JasA!» жобасы жастардың урбанистикалық бастамаларын қолдайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аясында Қазақстанда алғаш рет жастардың өздері өмір сүретін қалаларында немесе елді мекендерінде креативтік және урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсетілгелі отыр.

0f0f6a1c-f897-40dd-a3bf-14d6f661f17a.jpg

Бүгін елордада «JasA!» жобасы басталды. Жоба негізінде 600 жасқа 100 шағын грант бөлінгелі отыр. Шара барысында жастарға өз бастамаларын жүзеге асыруға бағыт-бағдар көрсететін жастар ісі жөніндегі 68 қызметкерді оқыту үшін 4 күндік "Жастар ісі және жастар топтарын фасилитациялау" тақырыбындағы семинар-тренингі басталды.

911e72bb-3493-4efe-9e47-90b7662c9575.jpg

Іс-шараны Жастар қызметкерлері қауымдастығы ұйымдастырды. Тренингтер халықаралық тренер, жастар ісі бойынша тренерлердің халықаралық гильдиясы және Еуропа Кеңесі Жастар департаментінің тренерлер пулы мүшесі Юлия Станкевич (Беларусь) және Қазақстандағы бейресми оқыту бойынша жастар ісі саласындағы ұлттық тренерлер қатысуымен өткізіледі. Тренингтің мақсаты – бейресми оқыту ұстанымдары мен тәсілдеріне негізделген көшбасшылық құзыреттерді дамыту және Жастар бастамаларын жоспарлау бойынша жастарға арналған тренингтерді әзірлеу және өткізу үшін қажетті құзыреттілікті дамыту.

4759bfb4-168c-4ca0-9975-b4a8410bff4c.jpg

Жастар қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамалар қолдау орталығымен бірлесе іске асырылып отырғанын атап өтті. 

«Жастардың бастамаларын қолдау арқылы оларды тұлға ретінде ортасына белсене қатысу бойынша құзыреттіліктерін дамыту жоба мақсаты болып отыр. Жоба аясында екі мақсатты топты көздеп отырмыз, бірінші – жастар қызметкерлері. Бүгінде елімізде 68 жастар қызметкері конкурстық іріктеуден өтті. Олар үш кезеңнен тұратын дайындау бағдаралмасынан өтеді. Соның бірінші кезеңі бүгін 4 күндік алғашқы семинар басталғалы отыр. Екінші мақсатты топ – жастардың өзі. Іріктеу кезеңі кеше аяқталды. Бүгіннен бастап өтінімдерді қарап жатырмыз. Мәлімет бойынша 1200 өтініш келіп түсті. Әр өтініш артында кемінде 2-3 адамнан 10 адамға дейінгі жастар тобы тұруы мүмкін. Сол себептен орта есеппен 3000 тарта жас қатысуға өтінім білдірді деуге болады», - деді Наурызбаев.

da017fb4-8215-4095-acb9-ce976d9f75bb.jpg

Ұйымдастырушы шара қатысушылары урбанистикалық жобаларын жүзеге асыратынын айтты. 

«Жастар білім беру бағдарламаларына қатысады. Урбанистикалық жобаларын әрі қарай қалай іске асыру тұрғысындағы тренингтен өтіп, жастар қызметкерлері басшылығымен өздерінің идеяларын жобаға түсіріп, әртүрлі керативті урбанистикалық жобаларын іске асырады. Бұл қандай жобалар болуы мүмкін? Өздерінің тұрып жатқан орталарын, аулалар, саябақтар, көшелер болсын, соларды бір жағынан креативті қылу, екінші жағынан инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі бастамаларын іске асырады», - деп айтты ол.

Наурызбаев орта есеппен 600 жастың 100 жобасын іске асыруға 610 мың теңге көлемінде шағын гранттар берілетінін айтты. 

«Бұл гранттар бірінші білім беруге, екінші жергілікті қуымдастықтарын дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға жұмсалады. Жалпы «JasA!» жобасының құны – 100 млн теңге. Басқа жобалардан ерекшелігі – жоба емес, идеясы бар жастарды жинаймыз. Олармен бірлесе жобаларын дайындаймыз. Бұл өздерінің тұрып жатқан орталарын дамытуға бағытталған. Әр бастаманың инфрақұрылымдық және креативтілік нәтижесі болу керек. Мысалы, ауылда балалар ойнайтын аула жоқ болса соны жасау. Бұл – қоғамға қызмет ету бағдарламасы. Жастар қажетті ортаны өздері қалыптастыру қажет деген оймен жасап ұйымдастырдық», - деп сөзін түйіндеді ұйымдастырушы. 

d81589f3-1f4a-4b98-90fc-d9602f911f40.jpg

«Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша өмір сүретін ортаны жақсартуға және жергілікті қала мен ауыл деңгейіндегі қауымдастықтарды дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау бойынша «JasA!» жобасын жүзеге асырып отыр. 

Жоба жайында толық ақпаратты jashome.org сайтынан алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы