Жастардың білім деңгейін, дағдыларын арттыру керек – Тимур Жұмырбаев

11 Қаңтар 2022, 15:43
2647
Бөлісу:
Жастардың білім деңгейін, дағдыларын арттыру керек – Тимур Жұмырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Жастар ұйымдары еліміздің кішігірім қалаларында, ауылдық жерлерде жақсы жұмыс істеп, жастардың білім деңгейін, дағдыларын, біліктілігін арттыруы керек. Бұл туралы «Ассамблея жастары» РҚҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев айтты.  

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық реформа мен қазақстандық қоғам үшін өзекті бастамаларды жариялайтыны белгілі болды. Соның ішінде жастарды қолдауға бағытталған бастамалар туралы атап өткім келеді. Бүгінде жастармен жүйелі жұмыс жүргізілу керек екені белгілі. Әсіресе, олардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеру маңызды. Жас қазақстандықтар жоғары оқу орындарында алған білімдері олардың бәсекеге қабілетті маман болуына әсер ететініне сенімді болуы қажет. Сондықтан жаңа Үкіметтің алдында жастарымыздың жағдайын жақсарту, тұрақтылыққа кепілдік беру сияқты маңызды міндеттер тұр, - деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Мемлекет басшысының жастарды қолдауға бағытталған бастамаларын насихаттау маңызды екенін атап өтті.

Қазіргі сәтте жастар ұйымдары, жастар ресурстық орталықтары Президент алға қойған бастамаларды қолдауы керек. Сондай-ақ жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды ақпараттық насихаттауға үлес қосуы да өте маңызды. Расында, бүгінгі таңда жастарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған құралдар өте көп, жастар ұйымы ретінде үлкен қалалардан тыс жерлерге де шығу біз үшін өте маңызды деп есептеймін. Республикалық жастар ұйымдары өңірлерде өз аудиториясымен тікелей жұмыс істеуі керек.  Сондықтан қазіргі таңда кішігірім қалаларда, ауылдық жерлерде жұмыс істеп, жастардың білім деңгейін, дағдыларын, біліктілігін арттыру біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері туралы да кезең-кезеңімен жеткізуіміз керек. Сонымен қатар бүгін Президенттің шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын құру қажеттігі туралы айтқаны өте маңызды. Бұл білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Жоғары оқу орындарында, оның ішінде оқыту құны шеңберінде білім алу қолжетімді болуы керек деп есептеймін. Сондай-ақ біз жастар ұйымдары арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарды меңгеру керек екенін насихаттауымыз керек. Бұл - бүгінде өте маңызды мәселелердің бірі, - дейді Тимур Жұмырбаев.

Сондай-ақ ол Президенттің «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құру туралы шешімін қолдайтынын білдірді.

Қазір елімізде болып жатқан жағдай халқымыздың бірлігі тұрақтылығымыздың іргетасы екенін және солай бола беретінін көрсетті. Бүгінде қазақстандықтардың бір-біріне көмектесіп жатқанын, еріктілердің қалай жұмыс істейтінін, еліне бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың қандай бастамалар көтеріп жатқанын көріп отырмыз. Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған арнайы қор құру туралы бастамасы меценаттардың жұмысын жүйелеуге, сондай-ақ ірі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізер еді деп ойлаймын, - деп қорытындылады сөзін ол.

Өзгелердің жаңалығы