Жастар жылы. Жастардың жақсы өмір жолын таңдауына мүмкіндік берілді

23 Қаңтар 2019, 15:34
4784
Бөлісу:
Жастар жылы. Жастардың жақсы өмір жолын таңдауына мүмкіндік берілді

Алматы, BAQ.KZ,тілшісі. Мемлекет басшысының бұйрығымен 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Мұның өзі жастар саясаты әрдайым мемлекет қарауында болғанын және еш тасада қалмағанын білдіреді. Бұл туралы «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев пікір білдіру кезінде айтты. 

Оның айтуынша, мемлекет жастарды қолдау бойынша кеенді істер атқарып жатыр.

«Бүгін Астанада Елбасының қатысуымен өткен жиында жастарды мемлекет тарапынан қолдауда кешенді істер атқарылып жатқанын көруге болады. Жастарды шынайы қолдаудың артында Қазақстанның жақсы жаққа қарай өзгере түсетінін байқаймыз. Қазір әлемнің көп жерінде дағдарыс, жастардың жұмыссыздығы орын алып отырғанын көріп жүрміз. Ал біздің ел жастарға жақсы өмір жолын таңдауға мүмкіндік беріп отыр, мұның барлығы әлеуметтік маңызды нәрселер. Және мұның барлығы жастар мен өсіп келе жатқан буынның стратегиялық дамуына септігін тигізеді. Онымен бірге әлеуметтік, тұрғын үй мәселесі шешіледі және білім беру сапасы да жоғарылай бермек. Мұның барлығы еліміздегі жастардың барлығына жағымды әсер ететіні сөзсіз»,-дейді ол. 

Сонымен қатар ол, бүгінгі жиыннан жастардың мәселесі жыл өткен сайын шешімін таба беретіндігі туралы айтылғандығын жеткізді.

«Жастар еліміздің болашағы екені сөзсіз, сондықтан олардың түрлі мәселесі жыл өткен сайын шешіле береді. Мәселен, бүгінгі кездесуде Елбасы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысын өсіру деген сияқты істер атқарылатындығын айтты. Мұның барлығы жастардың өз қабілетін толықтай іске асыруына жол ашып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі»,-дейді күрдтер қауымдастығының вице-президенті.

Еске салсақ, бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өткен еді.

Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы