Бас жаңалықтар
Жастар жылы. «Қазақстандықтар көзімен Түркия» атты сурет көрмесі өтеді
12 Наурыз 2019, 16:37 1254

Жастар жылы. «Қазақстандықтар көзімен Түркия» атты сурет көрмесі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында іс-шараларын бастады. 

Орталық жас суретші, Қазақ ұлттық өнер университетітің 5-курс студенті Назерке Кемелбаеваның «Қазақстандықтар көзімен Түркия» атты жеке сурет көрмесін өткізеді. 2019 жылдың 14 наурызында «Хан шатыр» ОСО-да жас суретшінің алғашқы жеке көрмесінің тұсауы кесіледі.

Көрмеде графика тәсілімен салынған Түркия тақырыбына арналған 40 сурет қойылады. Олардың арасында Конья қаласындағы Мевлана кесенесі, Адыямандағы Немрут тауы және ескерткіштері, Ыстамбұлдағы әлемге танымал Айя София мұражайы мен Қыз мұнарасы, Румели Хисар бекінісі, Измирдегі Cағат мұнарасы, Урфадағы Балыклы гөл, Айдындағы Афродисия ежелгі қаласы, Трабзондағы Узунгөл, Невшехирдегі Каппадокия және тағы басқалар бар.

Жастар жылына орай өтетін сурет көрмесінің ашылу рәсімі 14 наурызда «Хан шатыр» ОСО-да сағат 15.00-де өтеді.

Загрузка...

Сізден жаңалық