Жастар жылы. Шымкентте жас саясаткерлер клубы құрылды

5 Маусым 2019, 17:08
2099
Бөлісу:
Жастар жылы. Шымкентте жас саясаткерлер клубы құрылды
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 2019 жыл – Жастар жылына жас саясаткерлер клубы ашылды. Белсенді студенттер және магистранттардан құралған клубтың 50-ден астам мүшесі бар.   

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстандық жол – жастар көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жас саясаткерлер клубын да осы конференция барысында таныстырды. 

Университет оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты Сәкен Мәжінбековтың айтуынша, бұл клуб жастардың жарқын өміріне жаңа жобалар әзірлейді. Клубқа Шымкенттегі универсиеттердің студенттері және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «саясаттану» кафедрасының магистранттары мүше болыпты. 

 Жастар жылы. Шымкентте жас саясаткерлер клубы құрылды

«Біз келешегіміздің алғышарттарын қалыптастыру үшін жастар сапалы білім алуы қажет. Олардың қоғамдағы, мемлекеттегі саяси өмірге белсенді араласуын уақыт талап етіп отыр. Қазақстанымызды әлемнің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі де жастарға тікелей байланысты. Қазіргі таңда жастарымыз сапалы білім алып, ғылымдағы жолын жалғастыруына ғылыми гранттар шеңберінде квота бөлеміз», - деді саяси ғылымдар кандидаты Сәкен Мәжінбеков. 

Алдағы уақытта Шымкенттің жас саясаткерлер клубы айына 2 рет жиналып кездеседі. 

Әр кездесуде Қазақстанның ішкі және сыртқы байланыстары, жолдаулар, сыртқы саясаттағы ұстанымы, жаһандану әлеміндегі Қазастанның алар орны және жастарда рухани құндылықтарды қалыптастыру сынды тақырыптар талқыланады.


Өзгелердің жаңалығы