Жастар жылы. Қарағандыда Belsendi Azamat жобасы жүзеге асырылуда

31 Мамыр 2019, 15:01
1831
Бөлісу:
Жастар жылы. Қарағандыда Belsendi Azamat жобасы жүзеге асырылуда

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Belsendi Azamat бірегей жобасы жұмыс істеп тұр. Айрықша жоба Қарағанды тұрғындарының мемлекеттік органдармен және коммуналдық кәсіпорындармен тікелей байланыс орнату құралына айналмақ. 

Қала келбетін жақсарту арқылы қарағандылықтардың өмір сапасын артыруға бағытталған жобаның авторлары студенттер. 

Қарағандылықтардың қала өміріне белсенді қатысуы арқылы Қарағандыны жақсарту мақсатында әзірленген бірегей жобада тұрғындар қаланың тазалығына, жолдардың жөнделуі мен көшелердің абаттандарылуына және тағы да басқа мәселелерге қатысты шағымдарын әкімдіктің табалдырығын тоздырмай, https://belsendiazamat.kz/kz/ порталына өтініш қалдыру арқылы шеше алады. Портал қаланың инфрақұрылымы, көлік тораптары, жарықтандырылуы, тазалығы, абаттандырылуы және тағы басқа жағдайларды бақылауда ұстауға көмектеседі. Аталмыш жоба арқылы қала билігі тұрғындардың көмегімен шаһардағы мәселелерді дер кезінде шешеді деп жоспарлануда. 

«Belsendi Azamat бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және қарағандылықтардың қала өміріне белсенді қатысуы арқылы Қарағанды келбетін жақсарту мақсатында әзірленген бірегей жоба. Xалық инфрақұрылым, көлік тораптары, жарықтандыру, тазалау, сондай-ақ аумақты абаттандыру және тағы басқа жағдайларды бақылай отырып, қаланың атқарушы билік органдарына туындаған ақауларды уақтылы жоюға көмектеседі. Порталдағы оңтайландырылған процесс арқылы қажетсіз қағаздарсыз атқарушы билік органдарына бармай-ақ жауап алуға мүмкіндік бар. Шағым мәселенің шешілуі пайдаланушы хабарланған сәттен бастап жүзеге асырылады, оны жоюдың нақты мерзімі хабарланады. Маңыздысы, мәселені жоюды бақылау қарағандылықтардың өз қолында екені», - дейді жоба авторларының бірі Сабир Ниязов. 

Жобаны жасаушылар порталдағы бір жүйеге келтірілген процесс тез және бюрократиялық әуре-сараңға ұшырамастан пайдаланушының хабарламасына жауап алуға мүмкіндік беретіндігін айтады. 

«Шағым немесе ұсыныс жазғандарға мәселенің шешілген-шешілмегені және қандай мерзім аралығында шешілетіні туралы жауап жазылады. Belsendi Azamat - Қарағанды қаласының мемлекеттік органдарымен және коммуналдық кәсіпорындарымен тікелей байланыс орнату құралы. Оларға жіберген сауалдар мен жауаптарды порталға кірген барлық пайдаланушылар көре алады. Осылайша, қарағандылықтар мәселенің жойылуын бақылап, қаланы жақсырақ ете алады», - жоба авторлары. 

«Қарағанының тұрғыны ретінде қаламызды жақсартуды армандаймын. Belsendi Azamat жобасының басты мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту. Біздің сайт арқылы әрбір қарағандылық қаланың көкейтесті проблемаларын шешуге ат салыса алады. Мысалы, тазаланбаған тратуар, қоқысқа толы контейнер, сынған орындықтар сияқты қарапайым мәселелердің уақыт күттірмей шешілуіне себепкер бола аласыз. Ол үшін аталған проблемаларды суретке түсіріп, біздің https://belsendiazamat.kz/kz/ порталына жолдап, картада белгілесеңіз жеткілікті», - дейді Сабир Ниязов. 

Порталдағы мәліметтерге сүйенсек, жоба қолға алынғалы бері тұрғындардан 200-ге тарта шағым түскен. Олардың 38-і шешімін тапқан.
 

Өзгелердің жаңалығы