Бас жаңалықтар
Жастар жылы. Еріктілер жұмысын жандандыра түсу керек
23 Қаңтар 2019, 22:02 956

Жастар жылы. Еріктілер жұмысын жандандыра түсу керек

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай Ақмола облысы, Жарқайың аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының консультанты, Жарқайың ауданы әкімінің мүгедектер ісі бойынша кеңесшісі Әділ Нұрбеков өз ойын білдірді.

«Мен Елбасы, Партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар форумына қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Бәрімізге белгілі биылғы жыл Жастар жылына арналып, көптің көкейінде жүрген біраз мәселенің түйінін тарқатты. Шынымды айтсам, бұл жиыннан кәдімгідей шабыттанып, рухтанып, жігерленіп шықтым деуге болады. Себебі, Елбасының айтқан әр сөзі менің көкейімде сайрап тұр» - дейді ол.

Оның ойынша еріктілердің жұмысын жандандыру керек.

«Президент «Халықаралық бағалау бойынша әлемнің ең ірі 300 компаниясы қызметкерлерінің үштен бірі апта сайын еріктілікке бір сағат бөледі. Біз ол туралы тіпті ойламадық. Осы бағытта арнайы жұмыс істеу керек. Сондықтан Үкімет еріктілікпен айналысатын ЖОО-лардағы оқығандардың шәкіртақысын шамамен 30 пайызға арттыру бағытында жұмыс істеуі керек. Біз бұны жасай аламыз. Бұл бағыттағы жұмыс студенттерге арнайы көмек болса, халық үшін де пайдалы болады», - деді. Шынын айтқанда бүгін тегін жұмыс істейтін, біреуге тегін қол ұшын созып көмектесетін жастарды таба алмайсың. Менің қызметім халықпен тығыз байланыста болғандықтан, жанымдағы жастарды жинап, үнемі қарттарға, жалғыз басты аналарға , жетімдер мен жалғызілікті қарияларға көмек көрсетуіп, қыс болса қарын күреп, күз болса жем шөбін дайындасуға қол ұшын созамыз. Соныдқтан еріктілерді жігерлендіру мақсатында оларға шәкіртақысын 30 пайызға арттыру олар үшін жасалған үлкен көмек пен шапағат деп білемін» - дейді Әділ Нұрбеков.

Сонымен қатар ол жиында айтылған мәселелер сөз жүзінде қалмай, биылғы жылы қыруар шаруаның бас қайрылады деген сенімде екенін айтты. «Оған жас болып, бас болып өзімізде кірісеміз» - дейді ол.

Ержан Жаубай

Сізден жаңалық