Бас жаңалықтар
Жастар жылы. Қарағандыда әкім кубогы сарапқа салынды
27 Ақпан 2019, 22:56 464

Жастар жылы. Қарағандыда әкім кубогы сарапқа салынды

Қарағанды, BAQ.KZ. Облыс әкімінің сыйлығына студенттер арасында XIII Облыстық спартакиада басталды. Ұйымдастырушылар шараны Жастар жылына арнаған. 

Биыл спартакиада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде өтуде. Онда оннан астам жоғарғы оқу орындары қатысуда. Әр команда құрамында – 126 адам. 

"Бүгінде жастар арасында салауатты өмір салтына қатысу белсенді жүріп жатыр. Мемлекет келешек ұрпақтың физикалық және рухани өсуін қолдау үшін барлық жағдайды жасауда. Осы спартакиада Қарағанды өңірінің спорттық дәстүрін күшейтуге көмектеседі деп сенемін. Сіздер тек қана қуат пен жағымды эмоцияларды алып қана қоймай, сондай-ақ жаңа достар мен ниеттес адамдарды таба аласыздар",- деді өз құттықтау сөзінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов спартакиаданың ашылу салтанатында. 

Ашылу салтанатында әр команда өз тұсаукесерлерін көрсетті. Әрбір жоғарғы оқу орны әсерлі музыкалық көрініс дайындаған. 

Спартакиада спорттың 13 түрінен үш кезең бойынша өтеді:

I кезең (ақпан-наурыз) –шаңғымен, конькимен жарыстар, Президенттік көпсайыстар; 
II кезең (наурыз-сәуір) – тоғызқұмалақ, шахмат, шашки және үстел теннисі, асық ату;
III кезең (қараша-желтоқсан) – баскетбол, мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, қазақ күресі.

Жарыстардың барлығы командалық. Жалпыкомандалық есепте орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады. Жеке есепте көзге түскен қатысушыларға мадақтамалар мен медальдар табысталатын болады. 

Өткен жылғы спартакиадада Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жеңіске жеткенді. Екінші орынды болашақ дәрігерлер, ал үшінші орынды ҚЭУ студенттері жеңіп алды. 

Загрузка...

Сізден жаңалық