Жастар театрының актерлары марапатталды

28 Наурыз 2019, 19:33
3978
Бөлісу:
Жастар театрының актерлары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз Халықаралық театр күні қарсаңында Жастар театрының актерлары мен қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Жастар театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда мәдениеті мен руханиятын дамытуға және елдік мұраттар мен халқымыздың мәдени құндылықтарын насихаттауға қосқан еселі еңбектері үшін Жастар театрының белгілі, әрі талантты актерлары Нұрлыбек Төлеген және Елдос Шайкенов, сондай-ақ, театрдың көрермендермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Лазима Мырзахметқызы Сайбанова Нұр-Сұлтан қаласының әкімі атынан «Алғыс хатпен» марапатталды. 

Сондай-ақ, Жастар театрының белгілі актерлары Данияр Уразаев, Наурыз Сабағатова, Асланбек Жанұзақов, Нұрбек Алибек  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновтың атынан; труппа меңгерушісі Айгүл Баядилова, актер Нұрбек Әділбек, Қаламқас Мелисова, балетмейстер Анар Жүсіпова,  хормейстер - Анель Токирова  Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.
   

Өзгелердің жаңалығы