Бас жаңалықтар
Елордада "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына өтінім қабылдана бастады
28 Ақпан 2020, 14:45 86

Елордада "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына өтінім қабылдана бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы түлектерді "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы 3 жыл ішіндегі ЖОО мен колледж түлектеріне бастапқы тәжірибе алу үшін арналған. 

Тәжірибеге қатысу үшін жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Дипломда алған мамандығы бойынша тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан артық емес. Еңбекақы мөлшері 85 475 теңге, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын шегергенде 73 484 теңгені құрайды. 

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда); 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі. 

Қосымша ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының 57-88-88 нөміріне хабарласу қажет.




Фото: дереккөз
Загрузка...