Президент кадрлық саясатта жаңа әдістерді пайдалануда

30 Шілде 2020, 11:44
1479
Бөлісу:
Президент кадрлық саясатта жаңа әдістерді пайдалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрларды іріктеуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа басқарушыларды белсенді тартуды қолдайды, деп жазды telegram-ында  Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин. 

Атап айтқанда, өткен жылы Мемлекет басшысы президенттік жастар кадрлық резервінің жаңа жобасына бастамашылық жасады, оның аясында 300 резервші іріктелді, олардың 150-і мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналастырылды. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Айбек Саттыбаев тағайындалды. Сонымен қатар, кеше Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Шыңғыс Мұқан тағайындалды, - деді Қарин.
Қарин Шыңғыс Мұқан мемлекеттік қызметке жалданған Ұлттық кеңестің алғашқы мүшесі емес екенін еске салды.
Бұған дейін ҰҚСК қатарынан алдымен Президенттің кеңесшісі болған, ал қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін уақытша атқарып отырған Бағдат Мусин бар. Берік Әбдіғалиұлы 2019 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды. Максим Споткай жақында Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары болды, - деді ол. 

Президент кеңесшісі соңғы уақытта Президент қоғамдық және жастар ортасынан жаңа кадрларды белсенді түрде қолдап жатқанын айтты. 

Нәтижесінде басқару буыны жүйелі түрде жаңартылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы