Жастар әлеуметтік кәсіпкерлікті меңгеріп жатыр

7 Желтоқсан 2021, 14:55
1271
Бөлісу:
Жастар әлеуметтік кәсіпкерлікті меңгеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында жастарға арналған «3.2.1. Старт! әлеуметтік жоба аясында тренинг өтті.

Білім беру жобасының негізгі мақсаты – БҰҰ-ның 17 жаһандық тұрақты даму мақсатының 5-еуіне қол жеткізу негізінде Қазақстан жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және танымал ету.

Атап айтсақ, сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін шешетін жоба болуы керек.

Теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне қадам басу. Курсты аяқтағаннан кейін студенттерде әлеуметтік маңызды идеяларды жүзеге асырудың нақты қадамдық алгоритмі болады.

1 қазанда жас кәсіпкерлер мен жастар арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жетінші маусымына өтінімдерді қабылдау басталды. Қатысушылар оқытудың мазмұнды инкубациялық бағдарламасынан өтті, содан кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдерді жинау кезеңі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы