Жастарға арналған жалдамалы баспана бағдарламасына 6304 өтінім түсті

13 Қараша 2019, 23:44
2496
Бөлісу:
Жастарға арналған жалдамалы баспана бағдарламасына 6304 өтінім түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

2019 жылдың 12 қарашасы күні сағат 22:00-де жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша онлайн өтінім қабылдау аяқталды. Smart Astana порталы арқылы 6304 өтінім қабылданды, - делінген хабарламада.
Өтінімдерді қабылдау барысында жүйеге виртуалды көмекші қосылды, ол интерфейсте барлық қажетті мәселе бойынша өтініш білдіргендерге бірден кеңес береді. Құжаттарды толтыру процесінен бөлек 4,5 мыңнан астам онлайн-кеңес көрсетілді.

Smart Astana порталы электрондық үкіметпен интеграцияланған және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы (2-форма), тіркеу мерзімі, жасы, отбасы жағдайы, балалардың болуы, отбасына тіркеу секілді мәліметтерді автоматты түрде тексереді.

Критерийлерге сәйкес келмейтін 1180 өтінімнен жүйе арқылы бас тартылды. Олардың Нұр-Сұлтанда тіркеуі жоқ немесе жылжымайтын мүлкі және т. б. бар.

Тұрғын үй комиссиясының отырысы 6 желтоқсанда өтеді. Арнайы балдардың нәтижесі бойынша 1050 пәтер беріледі.


Өзгелердің жаңалығы