Жастар жылы. Павлодар облысы 500-ге жуық жобаны жүзеге асырады

23 Қаңтар 2019, 21:43
3916
Бөлісу:
Жастар жылы. Павлодар облысы 500-ге жуық жобаны жүзеге асырады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен форумнан соң Ертіс өңірінің жастары осы жылға межеленген жобаларымен бөлісті. Биылғы жылы жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары 500-ге жуық жобаны жүзеге асырмақ. 

Павлодар облысы халқының 32%-дан тастамын жастар құрайды. Яғни, 163 мыңнан астам азамат осы санатқа жатады. Қоғамдағы жастар мәселелерін шешу, жас буын өкілдерінің мәдени-рухани тұрғыдан дамыту мақсатын көздеген 100-ден астам бірлестік бар. 

Өңірдегі жастар бастамаларын дамыту орталығы директорының орынбасары Салтанат Тұрарованың айтуынша, Жастар жылы атқарылар жұмыс көп. 

«Осы жылы 500-ге жуық жобаны қолға аламыз. Жастарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар, жұмыссыздықпен күрес жұмыстарын күшейтпекпіз. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын үймен қамту бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасын табады. Мәселен, өткен жылы оралықтың инспекторлары 60 мыңға жуық азаматқа кеңес берді. Қатарластарымды салалар бойынша бағыттау, яғни мамандықты ауыстыру, тұрғын үй мәселелері алаңдатады. Оларға «Нұрлы жер», «Өз үйім» бағдарламалары туралы айтып бердік», - дейді Салтанат Тұрарова. 

Былтыр 1485 жас отбаы орталық мамандарының кеңесіне жүгінген. Дұрыс кеңес алтағ азаматтардың 900-ден астамы «Нұрлы жер» және «Өз үйім» бағдарламалары бойынша баспаналы болды. 

«Бүгінгі форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмысымызға нақты бағдар беріп, жоспарымызды айқындады. Бізгі сенім білдіріп, жас буын өкілдері мемлекеттік қамқорлығында болатынын айтты. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздікті алу бар, тәуелсіздікті қорғай білу бар. Осының бәрі жастардың мойнында. Біз орнаттық, қолдарыңа бердік, әрі қарай ұстап қалу сендердің міндеттерің» - деп айтты. Біз Елбасының сенімін ақтаймыз», - дейді Салтанат Тұрарова. 

Айта кетейік, жастар бастамаларын дамыту орталығы алты жыл бұрын құрылды. Бұл саладағы елімізде ең алғаш болып ашылды. Бүгінгі таңда кез келген жасқа құқықтық, әлеуметтік көмек көрсетумен айналысумен қатар, ондаған үкіметтік емес ұйымды біріктірген. 

Ақмаржан Әділбек

Өзгелердің жаңалығы