Жастар жылы. Қазақстандық моделді қолданысқа енгізуі қажет

23 Қаңтар 2019, 21:27
2753
Бөлісу:
Жастар жылы. Қазақстандық моделді қолданысқа енгізуі қажет

Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай Жанкелдин ауданының «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев өз ойымен бөлісті.

"Қай заманда да Жастар қозғаушы күш екені баршаға аян. Жастары озық елдердің дамуы әрқашан қарқында болған, ал ол үшін мемелекет жастары деген көзқарасы түбегейлі зерделеп, зерттеп бағыттарын анықтап отырған. Сондай уақыт талабы біздің еліміздің қоғамдық даму формациясында қажеттілікті туындатып отыр. Нақтысында, биылғы жылдан астау алған «Жастар жылы» алдағы уақытта өз жалғасын тапқанда ғана тиімділігін бермек" - дейді ол.

Оның ойынша бұл жыл жастар жылы деп жарияланбаса, қозғалыссыз отыру дегенді білдірмесе керек.

"Елбасы әрқашан жастардың білім алуына т.б. мәселелерді үнемі қолдау жасап отырады. Сондықтан, менің жеке пікірім: Жастармен толыққанды жұмыс жасайтын арнайы бағдарлама өзінен-өзі сұранып тұр. Министрліктің т.б. құрылымдардың тіркеме жұмысы емес, нақты болашақты нысанаға алған қазақстандық моделді қолданысқа енгізуі қажет. Сонда ғана тіл, діл, дін қалыпқа түседі деген ойдамын" - дейді Ғабит Сүндетбаев.

Өзгелердің жаңалығы