Жасөспірімдер арасында «Жас Сарбаз – жас тілшісі» медиа байқауы өтеді

27 Қыркүйек 2021, 17:00
3100
Бөлісу:
Жасөспірімдер арасында «Жас Сарбаз – жас тілшісі» медиа байқауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриотық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының республикалық штабы мен өңірлік филиал төрағалары «Айбын» онлайн әскери-патриоттық жиынның басынан аяғына дейін үйлестіру бойынша қызмет етеді. «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жиынға белсенді қатысады. «Айбын» жиынында жаңа жарыстармен қатар 6 жыл аралығында өткізілген барлық дәстүрлі байқау мен сайыс өзгеріссіз қалады, - деді ол.

Меңдіғалиев атап өткендей, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны: жалпы білім беретін пәндер және әртүрлі салалардағы аудио, видео сұрақтардан тұрады.

Әр команда 1 қатысушыдан қатыстырады.«Мейірімділік біріктіреді» челлендждер сайысында әр команда әлеуметтік желілерде челленджді іске қосады. Бейнероликті жиынның ресми әлеуметтік желілерінде таратып, бөлісуге болады. Ең көп лайк санын жинаған команда жеңіске жетеді. «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналған шығармашылық бейнебаян дайындау қажет. Робототехника бойынша «SMART SARBAZ» конкурсы аясында әр команда робототехника саласындағы бір жобаны ұсынуы тиіс. Жобаны ұсыну және көрсету үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі және мобильді қосымшаның камерасына түсу арқылы өз жобаларын төрешілер алдында қорғайды, - деді ол.

Оның айтуынша, биыл жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық журналистиканы дамыту мақсатында «Жас Сарбаз – жас тілшісі» медиа байқауы өз бастамасын алады.

Жас тілшілер жиын барысында тікелей эфирге шығып, қатсушылардан сұхбат алып, жиын жайлы мақала жазудан бақтарын сынайды. Өз топтарында бірінші орынға ие болған командалар «Білім. Абырой. Жеңіс» финалдық ойынына жолдама алады, онда әр команда төтенше жағдайлар кезінде өз іс-әрекеттерін көрсетуге тиіс. Финалдық ойынның қорытындысы бойынша жиынның абсолютті жеңімпазы (Гран-при иегері) анықталады, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Борамбаев биылғы «Айбын» жиынындағы ерекшеліктер туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы