Бас жаңалықтар
Бокстан жасөспірім қыздар арасында халықаралық турнир басталды
23 Шілде 2019, 15:37 125

Бокстан жасөспірім қыздар арасында халықаралық турнир басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бокстан 2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында ҚР еңбек сіңірген бапкер Жанбек Құлниязовтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Турнирге Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан спортшылары қатысуда. Аталған турнир қазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі саналмақ.  

Жанбек Құлниязов бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жеке бапкері. Сондай-ақ, қазіргі сәтте бокстан жасөспірім қыздар командасын жаттықтырады. 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық