Жасөспірім өзін алаңдатқан кез келген мәселені ата-анасына айтудан қорықпауы керек – психолог

13 Қаңтар 2021, 16:30
2839
Бөлісу:
Жасөспірім өзін алаңдатқан кез келген мәселені ата-анасына айтудан қорықпауы керек – психолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жасөспірімдердегі өтпелі кезең балалардың өзі үшін де, ата-аналар үшін де аса күрделі кезең, дейді «Media medschool» онлайн дәрісі барысында клиникалық және балалар психологы Жанна Сафиуллина.

Жасөспірімдердегі өтпелі кезең балалардың өзі үшін де, ата-аналар үшін де аса күрделі кезең. Көңіл-күйлеріндегі өзгерістерге бола, жасөспірімдер көбіне психолог көмегіне жүгіне бермейді және келген күннің өзінде бала мен психолог арасында бірден сенімді байланыс орнатыла қоюы екіталай. Негізінен бұл мамандардың көмегі жасөспірімдердің барлығына бірдей қажет болмуы да мүмкін. Менің ойымша, маңыздысы сол – біз ата-ана ретінде баламен қарым-қатынас орната алсақ тиімді болар еді. Яғни жасөспірім өзін алаңдатқан кез келген мәселені ата-анасына келіп бөлісуден қорықпауы керек. Бала «маған ұрсады» немесе «жазамды береді» деп алаңдамауы, «өз проблемаммен жалғыз қаламын» деп ойламауы керек. Ол сенімді қорғаны барын сезіне білгені жөн, - дейді ол.

Балалар психологының айтуынша, жасөспірімдерге қатарластарының пікірінен ересектердің пікірі аса маңызды болмауы мүмкін. Әсерісе, өтпелі кезеңдегі мұндай үрдіс қалыпты жағдай.

Екінші жағынан, біз, ата-аналар өзіміздің ер жетіп қалған балаларымызбен арадағы көпірді сақтай алсақ, оларға керек кезде қол ұшын соза аламыз. Әрине, кейбір жасөспірімге ата-анасына қарағанда сырт адамға (психологқа) ашылу оңай. Бұл жерде қажетті маманды қалай таңдау керек деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар жасөспірім мен психологтың арасында сенімді байланыстың орнауы маңызды, - дейді дәрігер. 

Айта кетейік, бұған дейін психолог жасөспірім балаларымен байланыс орнатудың ретін таба алмай жүрген ата-аналар бар екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы