Жаслан Мәдиев қызметінен босатылды

13 Қаңтар 2022, 14:03
1188
Бөлісу:
Жаслан Мәдиев қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Мәдиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды - делінген хабарламада.

Туған жылы: 1983 жылы дүниеге келген.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін,

Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін,

Массачусетс технологиялық институтын,

Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.

«Альянс Банк» АҚ, ҚР Ұлттық банкінде,

«Қазақстанның даму банкі» АҚ-да,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ-да,

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2017 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы