Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан жігіт ұсталды

22 Қазан 2019, 18:06
4596
Бөлісу:
Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан жігіт ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. 19 жастағы бозбала өзгенің автокөлігін ұрлап әкетіп, олардың бөлшектерін саудалап отырған. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2000 жылы туған жас жігіт Алматы қаласының Жетісу ауданында 3 күнде үш автокөлікті ұрлап әкеткен. 

"Ол екі жағдайда "Айнабұлақ" ықшам ауданындағы жеке меншік үйлер арасынан көліктерді ұрлап әкеткен. А. есімді  азамат Toyota, Mercedes және Mazda маркалы көліктерді иемденіп отырған. Айдап әкеткен көліктерді адам көп жүрмейтін жерге апарып, кейбір бөлшектерін шешіп әкетіп отырған. Әсіресе дөңгелек, аккумулятор және тағы басқа саймандарын қолды етіп, оларды сатқан", - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Мұхамедәли Сейсенұлы. 
Күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалған. Ұрланған көліктер табылып, қылмыстың іс материалына айғақ ретінде тіркелген. Сондай-ақ күдіктінің өзге де ұрлық істеріне қатысының бар, жоқтығы тексеріліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы