Түркістанда «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» форумы өтті

18 Сәуір 2019, 22:31
2255
Бөлісу:
Түркістанда «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан өңірінде алғаш рет Республикалық «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» 1-форумы өтті.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам делегаттар және Қазақстанның 30-дан астам беделді спикерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстанның балалар үйлерінің түлектері, үкіметтік емес ұйымдардан және ата-аналар қауымдастығы мен еліміздің жан-жағынан келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты - жастардың кәсіби интеграциясы, жастар арасында проблемалық мәселелерді іздеу және шешу, жас өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық саясатын қалыптастыру.

Түркістанда «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» форумы өтті

Жиын мінберінен Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Отарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Альтаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департамент директоры И.Үйсімбаев, ҚР Қаржы вице-министрі Е.С.Енсебаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінен Д.Н.Даулетова, мен «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ төрайымы А.Соловьева сөйледі.

Шара барысында еліміздің жан - жағынан келген тәжірибелі спикерлер, «Қазақстанның цифрлық болашағы», «Адалдық принциптері», «Сана мен таза қоршаған орта», «Жаңа экономика жастар көзқарасымен» және «Ерте кәсіби бағдар беру және ақпараттандырылған таңдау» тақырыбында сессия өткізіп, арнайы дәрістер оқыды.

Жалпы бүгінгі өткен диалогтық алаңда еліміздің барлық жастарына қатысты бірқатар сұрақтар көтеріліп, талқыға салынды.

Биыл Түркістан өңірінен бастау алған алғашқы форум дәстүрлі және жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өтетін болады.

Өзгелердің жаңалығы