Жас суретшілерге арналған байқау жарияланды

18 Маусым 2020, 05:41
2150
Бөлісу:
Жас суретшілерге арналған байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада күніне арналған байқаулар легі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

8 маусымда басталған байқаулар 23 маусымға дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жалғасады. Бірінші байқау балалар арасында өтеді деп жоспарланған.
23 маусым – Халықаралық Олимпиада күнінің құрметіне кішкентай жанкүйерлеріміздің арасында сурет салу байқауын жариялаймыз, – делінген инстаграмдағы @olympickz парақшасында. ⠀
Сурет тақырыбы: "Менің сүйікті спортым" Байқауға 14 жасқа дейінгі балалар қатысады. 21 маусым күні жас жеңімпаздар анықталады. ⠀

Байқауға қатысу шарттары: –  @olympickz-ке жазылу – #teamKZkids #OlympicDay2020 хэштегімен суретшінің осы тақырыпта салған суретін инстаграмға салу, фотоға @olympickz парақшасын белгілеу.
Өзгелердің жаңалығы