Бас жаңалықтар
Көкшетауда І Халықаралық жас құтқарушылар слеті басталды
16 Шілде 2019, 16:54 224

Көкшетауда І Халықаралық жас құтқарушылар слеті басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласыда І Халықаралық жас құтқарушылар слетінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында І Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылар слетінің ашылуы өтті. Іс-шараға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық жас құтқарушы қатысты.

IMG20190716100517.jpg

"Слеттің салтанатты ашылуында ҚР ІІМ ТЖ төрағасы Владимир Беккер балаларға құттықтау сөз сөйледі. Ол слетте жас ұрпаққа тән достық жағдай, салауатты бәсекелестік, қуаныш пен көңілді орнайтынына сенім білдірді. Спикер слеттің мақсаты төтенше жағдайларда құтқару дағдыларын оқытуда жастармен жұмыстың жаңа қызықты түрлерін іздеу, мемлекеттер арасында ұзақ мерзімді әріптестік пен ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

IMG20190716100503.jpg

Сонымен қатар, слет қатысушыларын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Ресей құтқарушылар одағы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Надежда Ершова қарсы алды.

Іс-шара барысында «Сапар карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «Су айдындарындағы құтқару жұмыстары» конкурстар мен тақырыптық іс-шаралар өтеді.

IMG_0935.JPG

2018 жылы Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілерінің командасы республикалық біріншілікте І орынға ие болған.

Айта кету керек, бұл жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің халықаралық слеті Қазақстан Республикасында алғаш рет өткізіліп отыр.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық