Zhas Project жобасы аясында 84 әлеуметтік жоба іске асырылды

11 Қараша 2019, 19:04
3325
Бөлісу:
Zhas Project жобасы аясында 84 әлеуметтік жоба іске асырылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы байқауға қатысушылар 1 млн теңге көлемінде грант пен оқу кезінде ай сайынғы шәкіртақыны алып, қала нарығының сұранысына негізделе отырып, бизнес-стартаптарын бастады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Осылайша,осы жылы байқауға қатысушылар 5 спорт орталықтары мен фитнес-клубтар, 10 наубайхана мен кондитерлік дүкендер, 7 ойын-сауық орталықтары мен шығармашылық үйірмелерді ашты, Одан басқа, жас кәсіпкерлер 9 тігін және аяқ киім шеберханаларын, 5 сұлулық салонын, 3 жиһаз және ағаш шеберханаларын және 16 білім беру курстарын іске қосты. Бұндай нәтижелерді Zhas Project жастар әлеуметтік жобалардың аймақтық форумының барысында қорытындылады. Бұл Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым Министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы.

"Тоқы және жылуды сыйла" жобасына қатысушыларының бірі Индира Сангулованың айтуы бойынша оның командасы тоқыма мини-цехын ашты, бұнда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін киім-кешекті шығарады. Айына жобаға қатысушылар 60-70 бұйым тоқиды. Болашақта команда мұқтаждарға арналған тегін мастер-кластарды өткізуді жоспарлап отыр.

Экология сұрақтарымен айналысатын басқа қатысушы Фатима Машанло өз командасымен MyEcoBag жобасын құрады. Қыздар қаланың оқу мекемелерінде жеке дизайнімен эко-сөмкелерді шығару бойынша мастер-кластарды өткізеді.

жас1.jpg

Байқаудың ережелері бойынша жұмыс істемейтін, оқымайтын немесе 14 пен 29 жас аралығында жұмыс істейтін, бірақ жалақылары төмен қатысушыларға артықшылық берілгенін атап кетейік. Іріктеуден кейін олар үш сатылы оқу бағдарламасынан өтті және 60 мың теңге көлемінде (ЖОО түлектері) және 40 мың теңге көлемінде (қалғандары) ай сайынғы шәкіртақысын алды. Одан басқа, олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыру үшін 1 млн теңгеге дейін гранттық қаржыландыруды алды.
Әрбір қатысушы өмірлік-маңызды дағдылар мен жобаны басқару дағдыларын дамыту бойынша міндетті тренингтен өтті. Жобаларды іске асыру кезінде қатысушылар алған білімдерін жетілдірді, бұл іс-әрекет арқылы оқуды білдіреді. Атап кететін жайт, қатысушылармен сатып алынған құрал-жабдықтардың барлығы оларда қала береді, – дейді жастар корпусын дамыту Жобасының өмірлік маңызды дағдылары бойынша маманы Надежда Трубова.
Форумның аясында жастар жобаларын іске асыру нәтижелері ұсынылды, сонымен қатар көрме ұйымдастырылды. Жастар презентацияларын ұсынып, сөз сөйледі, жобалары туралы айтып берді және өздерінің өндірістерінің өнімдерін көрсетті.



Өзгелердің жаңалығы