Алматыда жас өнертапқыштардың «Үздік инновациялық стартаптар» байқауы өтті

13 Қараша 2021, 13:50
1080
Бөлісу:
Алматыда жас өнертапқыштардың «Үздік инновациялық стартаптар» байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Үздік инновациялық стартаптар» байқауы өткізілді.

Сайыс Jas Otan коворкинг орталығында Creative Jastar жобасы аясында өтті.

Сондай-ақ іс-шарада еліміздің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесуі, макеттер көрмесі өтті.

Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Алмалы аудандық филиалының директоры Темірлан Мадиев, сондай-ақ кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Абзал Өмірбай конкурсқа қатысушылардың жобаларымен танысты.

Іріктеудің бірнеше кезеңінен өткен үздік 25 қатысушы қазылар алқасы, экперттер және демеушілер алдында 12 номинация бойынша өз жобаларын қорғады. Іс-шара барысында жастардың инновациялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ еліміздің креативті экономикасын дамытуға бағытталған 500 жобаның ішінен 25 үздік жоба ұсынылды.

Стоматологиялық және медициналық тренажерлар өндірісі бойынша жобалар, қаладағы экологиялық жағдайға қарсы күрес бойынша жобалар, инновациялық ақылды үй жүйесі, бөлмедегі ауаны тазартуға арналған бризер өндірісі, алдағы іс-шаралар туралы ақпараттандыру үшін мобильді қосымша әзірлеу, ерекше адамдарға арналған орталық құру, елде туризмді дамыту бойынша жобалар ұсынылды.

Бұдан басқа, көрмеге әлеуетті инвесторлар мен демеушілер өздерінің стартап жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында қатысты.

Естеріңізге сала кетейік , ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан жастары фракциясы» ҚҚ мен Jas Otan Жастар қанаты бірлесіп ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен CREATIVЕ JASTAR жобасы қолға алынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы