Жас дизайнер салмағы 200 кг аспалы шам жасады

25 Ақпан 2019, 11:50
2946
Бөлісу:
Жас дизайнер салмағы 200 кг аспалы шам жасады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті жасаған бұл шам оқу орнының мұражайына қойылды.

Жас дизайнерлер арасында өткен халықаралық байқауда аталған академияның 4-курс студенті Руслан Петровтың эскиздері үздік деп танылып, жеңімпаз атанған. Нәтижесінде аспалы шамдар шығарумен айналысатын италиялық iDOGI компаниясы Русланның эскизі бойынша 200 кг тартатын шамды жасап шыққан.

Сондай-ақ бүгін аталған оқу орынында жас дизайнерлердің «Design Thinking Fest 2019» фестивалі өтуде. Оған iDOGI компаниясы мен Италияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері арнайы келді.

«Фестивальдің негізгі мақсаты – жас талантты студенттердің шығармашылығына қолдау жасау. Сондай-ақ Жастар жылы аясында өтуде. Әлемге әйгілі iDOGI компаниясының біздің студенттердің жұмысын жоғары бағалауы - үлкен жетістік», - дейді Халықаралық білім беру корпорациясының вице-президенті Ерік Бесимбаев.

Жас дизайнер салмағы 200 кг аспалы шам жасады

 iDOGI компаниясының өкілі Сильвия Форментин академия студенттерінің шығармашылығын арттыру үшін мұндай шараларды өткізіп отырғанына қуанышты екенін білдірді.

«Байқауға сіздердің студенттеріңізден көптеген эскиз келді. Соңында Руслан Петровтың жұмысы үздік деп танылды. Ол аспалы шамның әр бөлшегін өте мұқият есептеп шыққан. Біздің компания әдетте өте үлкен аспалы шамдардың тапсырысын қабылдайды. Оларды тек қалталы адамдар ғана жасатады», - дейді ол. 

Жас дизайнер салмағы 200 кг аспалы шам жасады
 Байқау шарты бойынша шамның бөлшектерінің барлығы қолдан жасалу керек болған. Сонымен қатар төбесі аласа, кең кеңістікті бөлмеге арнап жасау тапсырмасы берілген. 

«Бұл шамның дизайнын 1 семестр бойы жасадым. Байқау бірнеше кезеңнен тұрғандықтан көптеген жұмыс жасап өткіздім. iDOGI компаниясының өзіндік ұстанымдары, модульдері, стилі бар. Жұмыс барысында соған икемделу қажет болды. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды», - дейді жас дизайне Руслан Петров.

Фото: автор

Әділет Мусахаев

Өзгелердің жаңалығы