Бас жаңалықтар
Жас жұбайлар: Тарихи күні некемізді қидырамыз деп шештік
09 Маусым 2019, 17:37 1808

Жас жұбайлар: Тарихи күні некемізді қидырамыз деп шештік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. №142 сайлау учаскесінде жас жұбайлар некесін қиды. 

"Біз бір жұмыс орнында менеджер болып жұмыс істейміз.Танысқанымызға бір жылдан асты",- дейді Мирас Әбдірахман.

Жас жұбайлар дәл осы күні не себепті некелерін қидырғылары келетіндерін айтты.

"Бұл - тарихи күн, сол себепті дәл бүгін некемізді қидырып, дауыс беруге шешім қабылдадық. Шешім қабылдар кезде ата-аналарымызбен ақылдастық. Кімге дауыс беретінін жұбайым - Жанель өзі біледі, мен өзім білем. Бұл жағдайда әркімнің өз ойы, өз таңдау мүмкіндігі бар", - дейді Мирас Әбдірахман.

Бұған дейін осы учаскеде 2999 адам тіркеліп, қазіргі уақытқа дейін шамамен 1400 адам дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, бүгін Өскеменде де жас жұбайлар некелерін қидырғаны туралы хабарлағанбыз. 

Бұған дейін №142 сайлау учаскесінде 2999 сайлаушы тіркелгенін жазған болатынбыз.

«Таңғы 7:00-ден 16:30-ға дейін шамамен 1400 адам дауыс берді. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында неке қиған жас отбасы осы жерге келіп, дауыс береді. АХАЖ бөлімінің мамандары оларға осы жерде Неке куәлігін табыс етеді», - дейді №142 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Талғат Ахмединов.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық