Арыстағы жарылыс. Жарақат алғандардың бесеуі – бала

24 Маусым 2019, 21:46
1809
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Жарақат алғандардың бесеуі – бала
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Соңғы бір сағатта 1616 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Ұлттық арнадағы "Арыс, біз біргеміз" акциясында айтылды.

Жарылыс кезінде денесіне снаряд жарықтары тиіп ауруханаға түскен екі адамның денсаулық жағдайлары қалыпты. Дәрігерлер дереу ем-дом жасап үлгерген.

Арыс қаласындағы жарылыстан жарақат алғандар елуге жуықтап қалды. 19 азамат Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына түссе, тағы 23 азамат әртүрлі дене жарақатымен Түркістан облыстық клиникалық орталық ауруханасынв түсті. Олардың ішінде бесеуі - бала. Жеткіншектер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Жарақат алғандардың дені травматология, хирургия, ортопедия, жансақтау бөлімдеріне жатқызылуда. Жарақат алғандардың төртеуінің жағдайы өте ауыр.", - дейді тілші Ғайни Қалмақанов.

Өзгелердің жаңалығы