Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр – министр

23 Қыркүйек 2019, 15:15
2496
Бөлісу:
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы оқ-дәрінің жарылысынан кейін 10 адам жарақаттанды, оның 3-еуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Ерлан Ермекбаев үкімет отырысынан кейін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты жазды.

«21 қыркүйек күні жарақат алған әскерилер жедел түрде госпитальге жеткізілді. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның үшеуінің жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы орташа ауыр болса, ендігі біреуінің жағдайы қанағаттарлық. Олардың аз уақытта қатарымызға қосылады деген үміттеміз», - деді министр.

Сонымен қатар министр Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою қалай жүріп жатқанын айтып өтті. 

«Қазір Арыстағы жағдайдан кейінгі ең жауапты және де ең қиын да, қауіпті кезеңнің басталғанын түсінуіміз керек. Әскерилер әскери бөлімнің территориясын залалсыздандырып, толық тазалады. Қазір қалаға, қала тұрғындарына әскери бөлімнің маңайына қауіп төніп тұрған жоқ. Ешқандай қатер жоқ. Негізгі жұмыстар жарылыс болған әскери бөлімнің, қойманың ішінде басталды. Сол жерде жарылмай қалған заттардың фрагменттері мен бөлшектері бар», - деді Ерлан Ермекбаев.

Министр жеке құрамның қауіпсіздігі үшін барлық шаралардың қабылданып жатқанын айтып өтті. Бірақ өкінішке қарай әртүрлі жағдайларға байланысты жарылыстың болып тұратынын да жоққа шығармады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайдың салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған.

 


Өзгелердің жаңалығы