Бас жаңалықтар
Бүгін
2018 жылы МСҚ-ға 133 млрд теңге жарна түскен
08 Қаңтар 2019, 11:12 177

2018 жылы МСҚ-ға 133 млрд теңге жарна түскен

Астана, baq.kz. Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті мәлімдеді.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.

Оның 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

Сізден жаңалық