Жақыныңа жанашыр бол: Колледж студенттері бау-бақша өсіріп, өнімдерін мұқтаж жандарға таратуда

22 Шілде 2020, 19:01
3075
Бөлісу:
Жақыныңа жанашыр бол: Колледж студенттері бау-бақша өсіріп, өнімдерін мұқтаж жандарға таратуда
PHOTO

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Ertis жоғары инновациялық аграрлық колледж студенттері сынақ жүзіндегі бау-бақша өсіріп, көмекке мұқтаж колледж студенттеріне таратуда.

Бүгінде колледж жанындағы шаруашылықта агрономия мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер мен оқытушылар жыл сайын жақсы өнім алады. Болашақ агрономдар осы жылдың көктемінде де жылдағы әдеттерінен қалмады. Жылыжайларын қамдап, көкөніс пен көк салған. Енді экологиялық өнім жинап жатыр. Бау-бақшада асқабақ, қияр, қызанақ пен кәді өсіп тұр.

1854 (1).jpeg

Карантинге байланысты жатақхана бос тұр. Асхана жұмысы тоқтаған. Ал қыркүйекте оқу үрдісі онлайн режимде жалғасады. Сондықтан, біз бау-бақша салып, көмекке зәру студенттерді көкөніспен қамтуды жөн санадық. Біздің студенттердің басым бөлігі - ауыл балалары. Өздерінің бақшалары бар. Сондықтан, қаладағы студенттерді қолдағымыз келді. Оларды экологиялық таза өніммен қамтимыз. Алғашқы өніміміз көңілімізден шықты, - дейді колледж директоры Серік Жартыбаев.

Көкөністердің алғашқы легі Павлодар техникалық сервис коллежінің студенттеріне тарту етілді. Көмек 10 аз қамтамасыз етілген отбасыға берілді. Нақтырақ айтқанда, кәді, қияр, салаттардың 350 келісі үлестірілді. Игі іс жалғасын таба бермек. Колледж жанындағы оқу шаруашылығында сүтті сиырлар да өсіріледі. Бүгінде студенттер сүт тартып, қаймақ әзірлеуде. 

Айта кетейік, былтыр облыстық әкімдіктің қолдауымен бірегей ветеринарлық кешен ашылды.

Бүгінде заманауи оқу орнында тоғыз ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 800-ге жуық студент білім алуда.

Өзгелердің жаңалығы