Қарапайым адамдардың жаппай сынама тапсыруы дұрыс емес

17 Маусым 2020, 17:38
1776
Бөлісу:
Қарапайым адамдардың жаппай сынама тапсыруы дұрыс емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарапайым адамдардың жаппай сынама тапсыруы дұрыс емес. Бұл туралы жетекші инфекционист дәрігер Динагүл Баешева денсаулық сақтау министрлігінің онлайн брифингінде айтты.

Маманның айтуынша, вирустың 70 пайызы сынамадан өту кезінде анықталған. 

ПТР зерттеудің өзін де дұрыс жүргізу керек. Мәселен, ірі компаниялардың қызметкерлері байланыста кіммен болғанын анықтап, вирус шыққанын білу үшін сынамадан өтеді. Ал қарапайым адамдардың жаппай сынама тапсыруы дұрыс емес. Неге? Уақыт пен ақшаны кетіріп, тест тапсырған күнде де, ол 2-3-ші күні сау тасымалдаушымен кездесіп, ауруды жұқтырса, ПТР тапсырғанда теріс болған деп, ауруға мән бермей кетсе, дұрыс болмайды, - деді ол. 

Сондықтан да Динагүл Баешева бәрі бірдей барып, сынама тапсыру дұрыс емес дейді. 

Оның жөні мен орны бар. Барлығын дәрігерлермен ақылдасып, жүзеге асыру керек. Аурудың клиникасы пайда болса, ойланыңыз. Қазір күн ыстық, суық су ішіп, тұмау пайда болса, байыптап қараңыз. Ал егер де, танысыңыз не болмаса туысыңыз ауруханада коронавируспен жатқан болса, әрекет ету керек. Ол жағдайда жедел жәрдемге хабарласып немесе жеке дәрігеріңізге хабарласып, мән-жағдайды түсіндіресіз. Ақыл сұрайсыз, бірлесіп шешім қабылдаймыз. Барлығымыз қазір емханаға барып, жатып алсақ, науқастардың 15 пайызы мен ауыр түрде өтетін 5 пайыз адамдар шетте қалып қояды. Сондықтан да дүрбелеңге салынбау керек. Ауру 80 пайыз адамда симптомсыз өтеді. Қорықпау керек, - деді Баешева.

Өзгелердің жаңалығы