Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

14 Маусым 2020, 12:30
2116
Бөлісу:
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Кагосима префектурасының жекелеген аудандарында жер сілкінісінің ең жоғары күші жапон сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 4 баллды құрады, деп хабарлады korrespondent.net.

Жексенбіге қараған түні Жапонияның Амами аралының солтүстік-батыс жағалауында Кагосима префектурасында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. 
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 00: 51-де болған. Эпиорталық солтүстік ендіктің 28,8 градусы және шығыс бойлықтың 128,3 градусындағы нүктеде байқалды. Гипоорталық 160 км тереңдікте орналасқан.

Кагосима префектурасының жекелеген аудандарында жер сілкінісінің ең жоғары күші жапон сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 4 баллды құрады. Бұл шкала бойынша ең жоғары балл- 7. Цунами туралы ескерту жарияланған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда Индонезия жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. Эпиорталық Амбон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 209 шақырым жерде орналасқан.
Өзгелердің жаңалығы