Жапонияда нөсер салдарынан 15 адам қаза тапты

5 Шілде 2020, 14:45
1173
Бөлісу:
Жапонияда нөсер салдарынан 15 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жапонияның оңтүстігіне түскен нөсер жауын елдің Кумамото және Кагосима префектураларында су тасқыны мен көшкіннің жүруіне әсер етті, деп хабарлайды  Kyodo News.

Агенттіктің мәліметінше, табиғи апаттан 15 адам қаза тапты. Оның ішінде 14 адам Кумамото префектурасындағы қарттар үйінен табылған. Тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Су тасқыны салдарынан Кума-Гава өзені сағасынан асып, су ағысы жолындағы үйлер мен көпірлерді шайып кетті. Оңтүстік елді мекендердің көптеген тұрғынына құтқару қызметін үйлерінің шатырында күтуге тура келді.

"Channel News Asia" хабарлағандай, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін 10 мың әскери қызметшіні дайындау туралы өкім шығарды. Ол атап өткендей, жауын-шашын жексенбіге дейін созылуы мүмкін.

Бұған дейін елде соңғы он жылда болмаған нөсер жауғаны туралы хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы