Жапонияда моңғолиялық қазақ оқушылар топ жарды
24 Қазан 2021, 18:14 1875

Жапонияда моңғолиялық қазақ оқушылар топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Хоккайдо штатындағы Хигишикава қаласында өткен Халықаралық жас фотографтар фестивалінде қазақ оқушылары топ жарды.

Бұл фестивалға Монғолиядан Баян-Өлгий аймағының Өлгий қалалық «Дарын» орта мектебінің Аманкел Ерқанат, Қайнар Ақжол, Бақыт Әлирахман қатарлы оқушылардан құралған команда қатысып, «Байланыс», «Арман мақсат» атты туындыларымен «HIGASHIKAWA Youth Fest» фестивалінде жеңімпаз атанды.

Айта кететін жайт, фестиваль халықаралық деңгейде жетінші рет, Жапонияда 34-рет өткізіліп отыр.

Фестиваль фотосурет арқылы жоғары сынып оқушыларының ұжымдық жұмысын қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

Азия мен Еуропаның 22 елінен, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония және Кореяның оқушылары жыл сайын қатысады. Сондай-ақ әр елде іріктеулер жүріліп бір ғана команда халықаралық фестивалге жолдама алады.


Фото: дереккөз
Загрузка...