Жапония шетелдіктердің Олимпиадаға келуіне тыйым салмақ

6 Наурыз 2021, 15:53
1451
Бөлісу:
Жапония шетелдіктердің Олимпиадаға келуіне тыйым салмақ

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Токио Олимпиадасын ұйымдастырушылар шетелдік жанкүйерлердің ойындарға келуіне тыйым салады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Қазіргі уақытта Жапония шетелдіктердің елге кіруге жол бермейді. Жағдай жақсарған кезде оларға рұқсат етіледі. Менің ойымша, жағдай тез жақсарып, біз оларды қабылдай аламыз, - деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.

Токио Олимпиадасы 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы