Жапония радиоларында Димаштың «Fly Away» әні шырқалады

1 Қараша 2021, 12:41
3181
Бөлісу:
Жапония радиоларында Димаштың «Fly Away» әні шырқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 қараша күні Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» атты жаңа әні FM Kiryu жапон радиостансасының эфирінде шырқалады. Бұл туралы Dimashnews хабарлады.

Былтыр 18 маусым күні Димаштың ең танымал әндерінің бірі «Screaming» алғаш рет жапон радиостансасында орындалған болатын. Сол кезде әншінің дауысын тыңдаған радио жүргізушілері қатты таңғалып еді. Осыдан кейін Димаштың фанаттары да әншінің басқа әндерін сұрай бастаған.

Жаңа эфирде радио жүргізушілер әншінің «Fly Away», «Дайдидау» және «Golden» атты үш композициясын ротациялауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы