Жапония Оңтүстік Кореяны «ақ тізімнен» шығарып тастады

3 Тамыз 2019, 04:33
2081
Бөлісу:
Жапония Оңтүстік Кореяны «ақ тізімнен» шығарып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күншығыста басталған сауда соғысы өршіп барады. Бұл жолы Жапония министрлер кабинеті Корея Республикасын аралық сауда-саттықтағы «ақ тізімнен» шығарып тастады, деп хабарлайды 24.kz.

Ресми Сеул ширығып, кәсіпкерлер мен қоса қалың жұртшылық та ереуілге шықты. Бұл дауға әлем елдері де алаңдаушылық білдіріп отыр.

Жапония тарапы «экспортқа шектеу қоямыз» деп бұған дейін де сес көрсеткен еді. Мұның себебі неде? Сес көрсетіп қана қоймай, арнайы қаулы қабылдап, Кореяға микроэлектроника тауарларын шығармай отыр.

Басты себеп - жапондық тарап Оңтүстік Кореяны «кей тауарды заңсыз тасымалдады» деп айыптаған. Жапония Корея Республикасына бағытталған тауар экпортын мықтап бақылауға алайын деді. Экономика министрі бұл қадамның ұлттық қауіпсіздік үшін жасалып отырғандығын айтады.

Бұдан басқа, енді Оңтүстік Корея мемлекетіне ешқандай сауда жеңілдіктері берілмейді. Жапония министрлер кабинеті осындай шешім қабылдап, серіктес елін «ақ тізімнен» шығарып тастады. Шектеу 28 тамыздан бастап күшіне енеді.  

"Министрлер кабинеті экспорттық бақылау жүйесін жақсарту және ұлттық қауіпсіздікті ойлағаннан осындай қадамға барып отыр. Себебі соңғы уақытта тауарлардың заңсыз тасымалы көбейіп кетті. Бұл қадамның ешқандай саяси астары жоқ. Оңтүстік Корея «жауап ретінде жасалған шектеу» деп мәлімдеме жасаған еді. Бұл жаңсақ пікір. Біз тек экспорттық бақылау бойынша талаптардың орындалғанын қалаймыз", - деді Жапонияның сауда министрі Хиросигэ Сэко




Өзгелердің жаңалығы