Жапонияның круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 350-ден асты

16 Ақпан 2020, 10:04
1433
Бөлісу:
Жапонияның круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 350-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония жағалауында карантинге жабылған Diamond Princess круиздік кемесінде тағы 70 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды. 

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Като Кацунобудың айтуынша, жолаушылар мен кеменің экипаж мүшелері арасында инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 355 адамға дейін өсті.

Естеріңізде болса, Diamond Princess круиздік кемесі жолаушылардың бірінен коронавирус тапқаннан кейін карантинге жабылған болатын. 

Лайнерде құлыпталған адамдардың арасында төрт қазақстандық болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың бәрі сау.

Айта кетейік, 14 ақпанда бірінші болып вирус жұқтыомаған зейнеткер жолаушыларды лайнерден шығарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы