Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады

21 Тамыз 2019, 19:24
4969
Бөлісу:
Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әбсаттар Дербісәліге "Күншығыс. Алтын шуақ" орденін  Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи табыстады.

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда жапон тілін насихаттауға және Жапония мен Қазақстан арасында өзара  ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін марапатталды. 

дерби.jpg

"Бүгін Жапония императорының "Күншығыс. Алтын шуақ" орденін Әбсаттар Дербісәліге табыстаймын. Жапония мен өз елінің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқаны үшін  бұл орденмен шетелдік азаматтар марапатталады. Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда жапон тілін үйренуге үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін Қазақстанда бұл орден 5 адамға табысталған", - деді Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі.

дерби3.jpg

Бұған дейін аталған орденмен Асқанбек Алданазаров (2006 ж.), Нұрсұлтан Назарбаев (2008 ж.), Олжас Сүлейменов (2017 ж.),  Нұрлан  Дулатбеков  (2018 ж.) Төлебай Рахыпбеков  (2018 ж.) марапатталған.

дерби1.jpg

Өзгелердің жаңалығы