Жапон теңізіндегі даулы аралда соңғы тұрғын қалды

16 Ақпан 2019, 13:23
3271
Бөлісу:
Жапон теңізіндегі даулы аралда соңғы тұрғын қалды

Астана, BAQ.KZ. Сеул мен Токио дауласатын Жапон теңізінің батыс бөлігіндегі Лианкур аралында соңғы тұрғын қалды. Бұл туралы koreaherald.com сайты жазады.


81 жастағы корей Ким Син Йол күйеуі Ким Сонмен бірге 1991 жылы аралға көшіп келген. Оның күйеуі 2013 жылы қазанда көз жұмды. Олардың Лианкурге қоныс аударуы Оңтүстік Корея үшін «Сеулдің аралға деген егемендігі» сиволы ретінде бағаланды. 

Бұл жұптан бөлек аралға 40-қа жуық корей қызметкері орналасқан. Алайда Ким Син Йол мен оның күйеуі жыл бойы аралда өмір сүретін жалғыз резиденттер болды.

Әйел күйеуінің өлімінен кейін аралдан кетуді жоспарламайтынын айтты. Қазіргі таңда үйдің жөндеу жұмыстарына байланысты оған Пхозанда тұратын қызына уақытша көшуге тура келген.

2017 жылға дейін Ким Син Йол кәсіби сүңгігіш ретінде жұмыс істеп, теңіз өнімдерін сатумен күн көрген. 

2012 жылдың жазында даулы жерге Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак (2008—2013) келгеннен кейін Лианкур аралы туралы шиеленіс басталды. Оның сапарынан соң Жапония Сеулдегі елшісін еліне шақырып алды. 11 тамызда Токио БҰҰ Халықаралық сотында бұл мәселені шешуді ұсынды. Алайда Сеул бас тартты. 

Лианкур аралын Кореяда – Токто, ал Жапонияда –  Такэсима деп атайды.
Өзгелердің жаңалығы