Жансерік Жұман: Төтенше жағдай кезінде әрбір қазақстандық көмек қолын созуы керек

6 Сәуір 2020, 22:38
3139
Бөлісу:
Жансерік Жұман: Төтенше жағдай кезінде әрбір қазақстандық көмек қолын созуы керек
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan филиалының төрағасы Жансерік Жұман Президент мәлімдемесін қолдайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруға қатысты 2 сәуір күні жасаған мәлімдемесіне орай қазақстандық жастар қолдау білдіріп жатыр.

Сондай жастың бірі Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan ЖҚ филиалының төрағасы Жансерік Жұман елдегі қиын жағдайды еңсеруге әрбір қазақстандық атсалысуы тиіс деген пікірде.

Қазіргі төтенше жағдай кезінде әскерге баруға міндетті әрбір қазақстандық көмек қолын созуы керек. Біз жас ретінде, қоғамның қозғаушы күші ретінде қатысуымыз қажет деп есептеймін. Төтенше жағдай кезінде бірлігіміз бар екенін көрсету керек. Ел болашағы үшін тік тұруға дайынбыз, бір біргеміз,-дейді ол.

Жансерік Жұман #BizBirgemiz акциясы аясында  Jas Otan жастар қанатының мүшелері тарапынан аса мұқтаж тұрғындарға көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Түркістан облысының аудан, қалаларында 1100-дей тұрғынға, яғни отбасыға әлеуметтік көмек жеткізілді. Олардың қатарында тыл ардагерлері, жалғызілікті қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылар бар. Бұл жердегі мақсат – аса мұқтаж, денсаулығы жоқ тұрғындарды үйінен шығармай, тиісті көмекті жеткізу. Жүріп-тұруы қиын, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың үйден шықпауына барынша ықпал ету. Алдағы уақытта 1500 тұрғынға қол ұшын созу жоспарланған,-деді ол.


Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы