Жансая Әбдімәлік Vienna Open-де арнайы сыйлыққа ие болды

26 Тамыз 2019, 11:10
1734
Бөлісу:
Жансая Әбдімәлік Vienna Open-де арнайы сыйлыққа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан халықаралық Vienna Open турниріне қатысып, әйелдер арасында 1-орынды иеленді.  

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Кеше халықаралық Vienna Open турнирі аяқталды. «А» турнирінде 398 шахматшы қатысты. Әйелдер арасында 1-орын иелендім, ал ерлер арасында 2-11-ді бөлістім. Сондай-ақ әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткенім үшін аты аңызға айналған Нана Александриядан арнайы сыйлық алдым.  Қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын!», – деп жазды Жансая.

Өзгелердің жаңалығы