Бас жаңалықтар
 Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді
10 Қыркүйек 2021, 10:50 705

Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы шахматтан Дүниежүзілік онлайн Олимпиадада топ-дивизионда көш бастап тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифаньді жеңді. Тағы бір қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнирде өзінің барлық алты партиясын жеңіп алды.

Бұл ойын онлайн Олимпиаданың төртінші турында өтті, онда Қазақстан алты партияның үшеуінде жеңіске жетті. Ал тағы бірін тең есеппен аяқтады - 3,5-2,5. Жансаядан басқа Асаубаева мен Рамазан Жалмаханов та жеңіске жетті.

Ифань турнирде өткен алты матчтың тек екі матчын ойнады және екеуінде де жеңіске жете алмады. Жансая Әбдімәліктен кейін ол Ираннан келген Сарасадат Хадемальшарьехпен тең ойнады.


Бірінші турда Қазақстан Грузияны жеңді - 4,5-1,5. Бұл турда Денис Махнев, Динара Сәдуақасова, Асаубаева және Жалмаханов жеңіске жетті.


Екінші турда Қазақстан құрамасы Сәдуақасова мен Асаубаеваның жеңістерінің арқасында Индонезиядан 3,5 - 2,5 есебімен басым түсті.


Үшінші турда Румыния жеңілді - 4-2, ал Асаубаева мен Жалмаханов жеңіске жетті.


Бесінші турда қазақстандық шахматшылар Арменияны 3,5-2,5 есебімен жеңді. Жеңімпаздар Ринат Жұмабаев, Әбдімәлік пен Асаубаева.


Ал алтыншы турда Қазақстан құрамасы Грекияны жеңді - 5,5-0,5. Жеңіс Рустам Хуснутдинов, Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Қазыбек Нөгербек және Асаубаеваның еншісінде.


Қазақстан онлайн Олимпиадада топ-дивизионда Қытайды екі ұпаймен басып озып, 12 ұпаймен көш бастады. Қазақстандық шахматшыларға топта тағы үш ойын өткізу қалды. Қарсыластары - Иран, Моңғолия және Австралия шахматшылары.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//